Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорында ағаштар саны артты
Қарағанды облысында жыл сайын мемлекеттік орман қоры толықтырылуда. Биыл орман дақылдары 426,3 га жерге отырғызылды, негізінен орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылықтары үйеңкі, терек және қайың ағаштарын отырғызды.
Көктемде орман дақылдары 48,5 га алқапқа отырғызылды, ал күзде — 377,8 га. Шахтинск, Теміртау және Қарағанды аумағында жаңа жасыл желектер пайда болды. Көшеттер арнайы тәлімбақта өсіріледі.
Күзгі ағаш отырғызу аяқталды. Ормандарды жасанды қалпына келтіру және өсіру маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Жомарт Шаймұрат