Қарағанды облысының оқушысы Бұқаржыраудың 80-нен астам өлеңін жатқа біледі
Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің сегізіншісынып оқушысы Арай Райымбекова XV «Бұқарекеңжырлайды» байқауының жүлдегері атанды. Оқушыақынның 80-нен астам шығармасын жатқа біледі.
Бұқар жыраудың шығармашылығына арналғандәстүрлі байқау Ботақара кентінің мәдениет үйініңсахнасында 55 адамның басын қосты. Олар ақынжәне оның шығармалары туралы білімдерін көрсетті.
Аудандық байқаудың салтанатты ашылуытеатрландырылған көрініспен сүйемелденді. Фойедетақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.
«Біз жыл сайын «Бұқарекең жырлайды» байқауынөткіземіз. Шараға барлық ниет білдірушілер қатысаалады, жас шектеулері жоқ. Біздің басты мақсатымыз– Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармашылығыннасихаттау«, – деп атап өтті байқаудыұйымдастырушылар.
Он үш жасар Арай Райымбекова СұлтанмахмұтТорайғыров атындағы тірек мектебінде оқиды және«Руханият» қосымша білім беру мектебі жанындағышығармашылық үйірмеде айналысады. Ол Бұқаржыраудың шығармаларын өткен жылдың қыркүйекайында жаттай бастаған.
– Мен өткен жылы да байқауға қатыстым, Бірақол кезде тек алғыс хат алдым. Биыл ұлы ақынныңшығармаларын мақсатты түрде жаттай бастадым. 80-нен астам туындыларын жаттадым. Байқаудаолардың кейбірін оқыдым. Мойындаймын, толқуболды. Бірақ, соған қарамастан, мен бірінші орындыжеңіп алдым. Маған 40 мың теңге мен диплом табысетті, – деді Арай.
Қатысушылар төрт номинация бойыншажарысты. Олардың әрқайсысында жеңімпаздаранықталып, олар байқаудың облыстық кезеңінежолдама алып, ақшалай сыйлықтармен жәнедипломдармен марапатталды.
Сондай-ақ, ондаған қатысушылар жұбанышсыйлықтарына ие болды.
Жомарт Шаймұрат