Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Абай көшесінде Абай ескерткішінің алдында «Абай бол!» шарасын өткізді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, 10 тамыз Абай күніне орай, Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Абай көшесінде Абай ескерткішінің алдында «Абай бол!» шарасын өткізді.
Шараның мақсаты:
Абай хакімнің бай мұрасын құрметтеу, оның асқақ тұлғасын биік тұғырға шығару. Қала тұрғындары мен жастардың Абайды танып-білуіне ықпал ету. Туындыларын, қара сөздерін, шығармаларын насихаттау.
Шара Абай ескерткішінің алдында өңірлік кеңсе қызметкерлері мен танымал әншілердің орындауындағы Абай әндерінен басталды.
Абай көшесінің бойында қала тұрғындарымен сұхбат жүргізіліп, Хакім Абайдың өмірі, шығармашылығы жайында сұрақтар қойылды.
Белсенді жауап берушілерге Абайдың портреті бейнеленген жейделер, «Қара сөздер» жинағы сыйға тартылды.
Жомарт Шаймұрат