Қарағанды облысының спартакиадасына 140-тан астам мемлекеттік қызметші қатысты

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы ХХІІ спартакиадаға он үш команда қатысты. Бұл қала, аудан әкімдіктерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері.

Қарағандыда өткен жарыстарға Ақтоғай, Шет, Бұқар жырау, Абай, Нұра және Осакаров аудандарынан, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Саран, Шахтинск, Теміртау, Жезқазған қалалары мен Қарағанды облысының әкімдігінен 143 спорт әуесқойлары қатысты.

Додаға қатысу үшін іріктеу болған жоқ, кез келген мемлекеттік қызметші өзінің спорттық мүмкіндігін бағалай алды. Сонымен қатар, спартакиадаға барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшылары белсенді қатысты.

 

 

Жарыс «Жастар» СК спорттың сегіз түрінен өтті: волейбол, мини-футбол, жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі, армрестлинг, гір спорты және шахмат. Бас төреші Анатолий Степаненко болды.

Барлық қатысушылар жақсы нәтижелер көрсетті. Олардың көпшілігі күнделікті түрде жаттығады.

– Біз күн сайын әкімнің басшылығымен спортпен айналыстық, – дейді Саран қаласының Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дастан Арнешев. – Саран қаласында спорттық өмір өте мазмұнды. Жарыстар жиі өткізіледі. Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі бар. Интернетте тіпті #сараньспорт деген хэштег бар. Біздің команда өткен жылдардағы осы спартакиаданың жүлдегері. Мен бала кезімнен спортпен айналысамын. Жүгіремін, жүземін, велосипед тебемін. Біз халыққа үлгі көрсетіп, облыстың спорттық өмірінебелсенді қатысуға тиіспіз.

 

 

Облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша өңірдің құрама командасы анықталады. Ол Петропавлда өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиадаға қатысады.

 

                                                                                           Жомарт Шаймұрат