Қарағанды облысының Тасарал ауылының басшысы «Үздік ауыл әкімі» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпазы атанды
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылдық округінің әкімі Нұржан Сейітов «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының өңірлік деңгейдегі жеңімпазы атанды. Іс-шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
Байқауға Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Абай және Ақтоғай аудандарынан 10 әкім қатысты.
Жеңімпаздарды арнайы байқау комиссиясы анықтады. Ауылдардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен әкімдердің жобалау жұмыстары бағаланды. Ауыл тұрғындары арасында онлайн-сауалнама жүргізілді. Әкімдердің жұмысы туралы Әдеп жөніндегі уәкілдер де өз пікірлерін білдірді.
Алда республикалық байқаудың екінші кезеңі күтіп тұр.
Жомарт Шаймұрат