Қарағанды облысының жедел жәрдем қызметі үшін 36 реанимобиль сатып алынды
Қарағанды облысының Жедел жәрдем паркі 36 жылжымалы медициналық кешенмен толықты. Тағы 24 көлік жыл соңына дейін жеткізіледі.
Реанимобильдер республикалық бюджет есебінен сатып алынды.
Санитариялық автокөлік қажетті медициналық жабдықтармен қамтамыз етілген: ӨЖЖ-аппараттарымен, пациенттің мониторларымен, дефибрилляторлармен, аға кезекші дәрігерге деректерді беру функциясы бар электрокардиографтармен. Сондай-ақ, қажетті реанимациялық шараларды өткізуге арналған толық жиынтық бар. Машиналар әртүрлі жиынтықта: мамандандырылған бригадаларға арналған С класты реанимобильдерден фельдшерлік бригадаларға арналған А класты автомобильдерге дейін. Реанимобильдер облыстың барлық қалалары мен аудандарына таратылады. Бұл өз кезегінде жедел жәрдем қызметі паркінің 60%-ын жаңартуға және қосалқы станцияларда резервтік құрам жасауға мүмкіндік береді.
— Бүгін облысқа 36 реанимобиль келді. Жыл соңына дейін тағы 24-і жеткізіледі. Бұл көліктер Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жеткізілуде, — деді Жеңіс Қасымбек. — Жалпы, өңірде коронавирусқа байланысты түрлі жағдайларға дайындық бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бүгін 44 аурухана кез-келген уақытта жұмысқа кірісуге дайын. Сондай-ақ, біз дәрігерлер үшін барлық қажетті техникалық және басқа да жағдайларды жасауымыз керек. Бұл жаңа көліктер олардың жұмысына көмектеседі.
Жалпы, жыл басынан бері облысқа әртүрлі модификациядағы және өтімділіктегі 300-ге жуық медициналық мақсаттағы машина келді.
Автопаркті жаңарту Қарағанды өңірінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасы мен уақтылығын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Жомарт Шаймұрат