Қарағанды қаласында қазақ тілінде ақпарат тарататын жаңа газет жарық көрді!
Көктемнің алғашқы күндері жақсылықтың жаршысындай болып жақсы жаңалық жетті.
Қарағандыда қазақтілді баспасөз қатары үр жаңа газетпен толықты. Бүгін «Qaragandy habary» газетінің тұңғыш нөмірі оқырманға жол тартты.
Газеттің құрылтайшысы — белгілі меценат, кәсіпкер Бақтыбай Жүнісов ағамыз.
Жаңа басылымның мақсаты – қазақ тілді ақпараттық кеңістікті сапалы контентпен толықтыру.
Газет беттерінде ұлттық руханият, экономика, әлеуметтік жағдай, экология және өзге де өзекті мәселелер туралы эксклюзивті сұхбаттар мен сараптамалық мақалалар ұсынуды көздеп отыр.
Бас редакторы — белгілі журналист, «Талбесік» қоғамдық бірлестігінің басшысы, Ұлттық кеңес мүшесі Ләззат Қожахмет
Жомарт Шаймұрат