Қарағанды қаласындағы әл-Фараби мектеп-гимназиясының кабинеттеріне Ақжан Машановпен Тоқтар Әубәкіровтың есімдері берілді
Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясындағалым-геолог Ақжан Машанов пен қазақтың тұңғышғарышкері Тоқтар Әубәкіров мәңгі есте сақталады. Олардың есімдерімен тарих және Тоқтартанукабинеттері аталды.
ХХ ғасырдың ең көрнекті ғалым-кеншілерініңбірі және шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидіңмұрасын зерттеушінің атымен кабинет ашубастамасы гимназия директоры Қымбат Оспановағатиесілі. Оның басшылығымен педагогикалық ұжымгеологтың өмірі мен еңбек жолы туралы ақпаратжинау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді, оның жекезаттарынан, фотосуреттері мен портреттерінен тұтасэкспозиция жинады.
– Мен ұжымға осы идеяны ұсындым, олар меніқолдады. Біз тарихшылардан, жазушылардан тұратыншығармашылық топ құрдық, олар екі жылға жуықжұмыс істеді. Әл-Машанимен таныс болғанғалымдармен кездесіп, оның еңбектерін зерттеді. Олар бізге оның көптеген фотожұмыстарын, жекезаттарын, кітаптарын сыйлады, – дейді мектеп-гимназия директоры Қымбат Оспанова. – Болашақтакабинетте біздің оқушыларымыздың жан-жақтыдамуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар, ғылымижобалар конкурстары мен олимпиадалар өтеді.
Сондай-ақ өткен жылдың соңында гимназиядаТоқтар Әубәкіров атындағы кабинет ашылды. Гимназия мұғалімдері оқушылардың ғарыш әлемініңқұпиясымен танысқан кезде толық білім алатынынасенімді.
– Мектеп ұжымы ауқымды зерттеу жұмыстарынжүргізді. Кабинеттің ашылуына онлайн-режимдеТоқтар ағаның өзі қатысты. Кабинет ашуғакөмектескен ата-аналар қауымына да алғыс айтқымкеледі, – деп қосты мектеп директоры ҚымбатОспанова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыныңқұрметті азаматы, ғалым Темірғали Көкетаевтыңесімі әл-Фараби мектеп-гимназиясының математикакабинетіне берілген болатын. Сыныптың ашылуынаакадемиктің өзі де қатысты.
Жомарт Шаймұрат