Қарағандыда – Абай көшесі

Ленин көшесіне Абайдың атын беру бойынша өткен қоғамдық тыңдауда көше атауын өзгертуге кететін шығынды өз мойнына алатынына уәде берген белгілі кәсіпкер, «Нәтиже» компаниясының басшысы Ерлан ӘШІМ сөзінде тұрды. Сүйінші, ағайын!

Қарағандыда – Абай көшесі! Арқаға алғаш қар жауған күні Абай көшесінің тақтайшалары ілінді.

– Cіздер салық туралы айтып жатырсыздар. Мен кәсіпкер ретінде республикалық бюджетке жыл сайын 250-300 млн. теңге, ал, облыстық және қалалық бюджетке 500 млн. теңге көлемінде салық төлеймін. Егер көше атаулары өзгеретін болса, бұдан да көп соманы төлеуге дайынмын. Көше бойындағы тақтайшаларды ауыстыру шығындарын өз мойныма аламын»,– деп сол жиындағы мәселенің түйінін тарқатқан еді Ерлан Әшім. Ерлан ағамыз – ұлттың жанашыры! Компанияның бас кеңсесіндегі қабырғаларға ұлттың ұлы тұлғаларының портреттері мен қанатты сөздерін іліп қойғаны – ұлттық болмысының биік екенін аңғартады. Міне, сол азаматтығын тағы бір мәрте байқатты. Ұлттық рухтың

өлшемінде қандай қаражатыңызды болсын көк тиын көрген кәсіпкерге көпшілік сол жиында разы болып, қошеметке бөлеген. Ал, енді бөркімізді аспанға аттырған

азаматтарыңызды Абай рухы желеп-жебегей!

Хәкім Абай есімін төрге оздырған текті ұлдарыңыздан айналдық!

Үлгі деп осыны айту керек!

 

Аяулым СОВЕТ,

ҚАРАҒАНДЫ.