Қарағандыда Ел егемендігінің 30 жылдығына орай «Өнерім-өмірім» атты облыстық байқауы өтті.

Қарағандыда Ел егемендігінің 30 жылдығына орай «Өнерім-өмірім» атты облыстық байқауы өтті. Өнер сайысының ерекшелігі мынада: оған тек аталар мен әжелер ғана қатыса алады

Байқауға Ұлытау, Бұқар жырау, Шет, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандарынан және Сәтбаев, Саран, Шахтинск, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды қалаларынан үміткерлер келді.

Тентек ЖҰМАДІЛДӘҚЫЗЫ, «Ақ әжелер» ансамблінің әншісі  (Жезқазған):

Бүгінгі Қарағанды қаласында өтіп жатқан байқауға қатысқаным үшін қатты қуанып тұрмын. Жасым 73-те. 10 жасымнан бастап сахнада жүрмін. Ән айтсақ болды, барлық ауру-сырқауымызды ұмытып кетеміз.

 

 

Олар үш аталым бойынша өнер көрсетті. Хор, ансамбльмен, жеке ән салу және қолөнер бұйымдары номинациялары. Біріншісінде қарағандылық  «Шахтерский» халық хоры бас жүлдені алды. Жекелей ән салуда теміртаулық Роза Хамидулина үздік деп танылды. Ал Ұлытау ауданынан келген Күнсұлу Серікбаеваның қолөнер бұйымдарына қазылар алқасы бірінші орынды берді.

 

 

Жаролла ПАЗЫЛҰЛЫ, Кеншілер мәдениет сарайының директоры:

Жаңа жабдықталған сахнада дәстүрге байланысты биыл 3-ші рет ұйымдастырып отырмыз. Облысымыздағы жасы үлкен ағаларымыз бен апаларымыздың өнерін сынадық.

 

 

Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай жүлделер табысталды. Ал орынға ілікпей қалғандарға алғыс хат берілді. Қауіпсіздік жағына келсек: карантиндік талаптар толығымен сақталды. Залда тек қатысушылар мен ұйымдастырушылар отырды.

 

Жомарт Шаймұрат