Қарағандыда ерекше балалар жүзумен тегін  айналысуға мүмкіндік алды

Қарағанды облысы республикада бірінші болып аутист балаларға арналған спорттық жобаны іске қосты. Ол үшін он жаттықтырушы арнайы оқытылып, «Бейімделген дене шынықтыру» курсы бойынша сабақтар өткізіліп жатыр.

— Жоба бір айдан бері жұмыс істеуде. Он жаттықтырушы онлайн-форматта Ресей академиясында оқытудан өтуде, сонымен қатар жұмыс істейді. Бұған қоса олардың он көмекшісі бар. Мемлекеттік тапсырыс бойынша біз Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында 80 баланы жинадық. Жоба аутизмі бар балалардың қоғамға бейімделуіне бағытталған. Осы аз уақыт ішінде біз нәтижелерді көріп отырмыз, — деді аутизм және менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған спорттық-сауықтыру жобасының жетекшісі Гаухар Акижанова.

Сабақтар аптасына екі рет бір жарым сағаттан өтеді. Алдымен гимнастика және құрлықта бейімделген жаттығулар, содан кейін жүзу.

Жоба жетекшісінің айтуынша, бейімделуден кейін аптасына тағы бір сабақ қосу жоспарлануда.

— Осы бір айдың ішінде біз достасып кеттік. Әр баланың икемін табу керек. Нәтижелерді көргенде, бала барлығын ойдағыдай орындағанда, қуанамыз, — деп бөлісті жаттықтырушы Елена Райнгардт.

Ата-аналар да өте риза.

— Менің ұлым 11 жаста. Біз жүзу бөлімі туралы білгенде өте қуандық. Сабақтар тегін. Біздің балалар суды жақсы көреді, ол оларды тыныштандырады. Біз ұйымдастырушыларға, жаттықтырушыларға ризамыз, — дейді ерекше баланың анасы Қарлығаш Жұмаділова.

Бұл өңірдегі мүгедек адамдарға спорт нысандарының қолжетімділігі үшін жасалып жатқан жалғыз нәрсе емес. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзден астам ерекше бала таэквондо және шахмат секцияларында шұғылданады. Мектепте мүгедектер спорты бойынша жаттықтырушылар штаты ұлғайтылды.

Жұмыс істеп тұрған спорт нысандары мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделуде. Инклюзияны ескере отырып, жаңа спорт алаңдары салынуда.

 

\Жомарт Шаймұрат