Қарағандыда Nur Otan партиясының жаңа міндеттері талқыланды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек нұротандықтарды еңбек ұжымдарына жиі баруға шақырды. Өңір басшысы ауыл әкімдерін одан әрі сайлау туралы да айтты.
Nur Otan партиясының жаңа міндеттерін облыстық филиалдың Саяси кеңесі кезектен тыс кеңейтілген отырысында талқылады. Қайта жүктеу кездесудің мақсаты болды.
– Nur Otan партиясы жаңа Қазақстанды құруда жетекші рөл атқаруы тиіс. Біздің алдымызға халықпен жұмысты жаңғырту бойынша жаңа міндеттер мен талаптар қойылды, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Қарағанды – өнеркәсіптік өңір. Ірі өндірістік нысандарда Nur Otan салалық филиалдары жұмыс істейді. Кеншілер мен металлургтер және басшылық құрамдағы инженерлердің өздері саясаттан алыс болуы мүмкін. Партия белсенділері мен біздің депутаттарға еңбек ұжымдарында жиі болып, түсіндіру жұмыстарымен айналысу қажет.
Биыл облыста 13 ауылдық округ әкімі сайланады, деп хабарлады өңір басшысы. Оның пікірінше, партияның беделі сайлау науқанының сапасына байланысты.
Жеңіс Қасымбек бірқатар басымдықтарды белгіледі. Олардың қатарында жастармен жұмыс, өңір тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу бар.
Сондай-ақ, Саяси кеңес Нұр-Сұлтан қаласында 1 наурызда өтетін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезіне делегаттар тізімін бекітті.
Жомарт Шаймұрат