Қарағандыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Елорда күніне арналған бәйге түрлері бойынша ашық облыстық турнир өтті.

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігнінің 30 жылдығына және Елорда күніне арналған ат жарысы бойынша ашық облыстық турнир өтті. 200-ге жуық жылқы 4 шақырымнан 25 шақырымға дейінгі аралықта өзара жарысты.

 

 

Жылқы – қазақ халқының игілігі. Бүгінгі таңда Қарағанды облысында ат спорты қайта жандануда, таяуда ғана біздің команда көкпардан Қазақстан чемпионатында екінші орын алды. Бұл жарыстар болашақ ипподром аумағында өтуде. Бұдан былай мұнда көптеген ат жарыстары өткізіледі, – деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Жарыс төрт қашықтық бойынша өткізілді:

— тай жарыс – 4 шақырым;

— құнан жарыс – 10 шақырым;

— топ бәйге – 15 шақырым;

— аламан бәйге – 25 шақырым.

Жарыстың ең қиын кезеңінде бірінші орынды Алматы облысының Мамай – Қара атты тұлпары жеңіп алды. Жеңіс үшін басты жүлде автокөлік болды.

 

 

 

 

                                                                                                       Жомарт Шаймұрат