Қарағандыда жүгіру спортын ұнататындарды онлайн кроссқа  қатысуға шақырады

Қарағанды облысында жеңіл атлетикалық кросс бойынша онлайн-чемпионат өтеді. 16 жастан асқан барлық тілек білдіруші тұрғындар қатыса алады.

Кросстың ұйымдастырушылары – дене шынықтыру және спорт басқармасы және жеңіл атлетикадан облыстық олимпиадалық резерв мектебі. Жарыс Спорт күні мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай өткізіледі.

Жарыс төрт күн бойы өтеді. 9 тамыз сағат 09:00-ден 12 тамыз сағат 18: 00-ге дейін. Ер адамдар 4 000 метр, әйелдер 2 000 метр жүгіруі керек.

Мұны топырақ, асфальт жолда немесе ойлы-қырлы жерлерде жасауға болады.

Жарыстар жеке дара өтеді. Қорытындылар Strava мобильді қосымшасы тіркеген жүгіру жарыстарының нәтижелері бойынша шығарылатын болады. Әрбір қатысушы қашықтығы мен нәтижесі бар скриншоттың бір ғана фотосуретін жіберуге құқылы. Кроссты бастамас бұрын, ол өзін таныстыруы керек, Strava мәліметтеріне сәйкес болу үшін онлайн жүгірудің басталу уақыты мен күнін көрсетуі керек. Содан кейін осы бейнені және нәтиженің скриншотын судьяға жіберу қажет.

Ұйымдастырушылар келесідей ескертпе жасайды: бағдарлама қосылған гаджетті басқа адамға беруге болмайды. Қашықтыққа тек бір адам жүгіреді. Төрешілер алқасының шешімімен спортшы жалған ақпарат берсе, жарыстан шеттетілуі мүмкін.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Бейнелер мен скриншоттарды WhatsApp-қа жіберу керек.

Ерлер: +7-776-585-89-99, +7-700-148-88-99.

Әйелдер: +7-778-475-43-89, +7-705-979-02-17.

 

                   Жомарт Шаймұрат