Қарағандылық биатлоншы қысқыОлимпиадаға қатысуға лицензия алды

Қарағандылық биатлоншы Владислав КиреевБейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысу құқығына иеболды. Қысқы спорт түрлері бойынша облыстықолимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісіретінде ҚР спорт шебері және жастар арасындаҚазақстан мен Азия чемпионы болып табылады.

Қаңтар айындағы соңғы, өте маңыздырейтингтік халықаралық жарыстарда СловакиядағыБрезно-Осрбльдегі IBU Кубогында Владиславтамаша нәтиже көрсетті. Ал жарыстың біріндекүтпеген жағдай болды, – дейді Қарағандыоблысының биатлоннан аға жаттықтырушысы жәнеспортшының жеке тәлімгері Раис Хайрутдинов. – Нәтижесінде Владислав олимпиадаға қатысу үшінқажетті ұпай санын жинады. Әрине, біз таланттыжәне болашағы зор тәрбиеленушіміз үшін өтеқуаныштымыз.

 

 

Владислав Киреев 21 жаста. 2020 жылыШвейцарияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлемчемпионатында жеке жарыста бесінші болды. 2021 жылы биатлоннан Чехияда өткен жазғы әлемчемпионатында жетінші орын, Қырғызстанда өткенАзия біріншілігінде алтын және қола медальдарға, алАлматыда өткен ҚР Спартакиадасында үш жарыстажеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінқарағандылық Екатерина Айдова 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында өтетін XXIV қысқы Олимпиадаойындарына қатысуға 500, 1 000, 1 500 метрқашықтықта конькимен жүгіру спортынан үшлицензия жеңіп алған болатын.

                                                                                      Жомарт Шаймұрат