Қарағандылық домбырашы республикалықбалалар байқауының Гран-при иегері атанды
Қарағанды қаласының № 1 нашар көретінбалаларға арналған арнайы мектеп-интернатыныңтәрбиеленушісі, № 1 өнер мектебінің оқушысыНұрдәулет Сағатбек Алматыдағы алғашқыреспубликалық «Домбыра-Дастан» балаларбайқауында үздік домбырашы деп танылды. Музыкант Гран-при және 8 миллион теңгекөлеміндегі ақшалай марапатқа ие болды.
Қазақстанның барлық аймақтарынан келгендомбырашылар конкурсына 6–15 жас аралығындағы548 жас музыканттар қатысты.
– Байқау туралы мен Instagram—нан білдім. Бірінші тур онлайн өтті. Онда екі күй ойнау керекболды. Мен Құрманғазының «Байжұма» және«Серпер» шығармаларын таңдадым. Екінші кезеңНұр-Сұлтанда офлайн өтті. Біз ұйымдастырушылартаңдаған шертпе және төкпе күйлерін орындауымызкерек еді. Мен Сүгірдің «Қосбасарын» жәнеҚұрманғазының «Кішкентайын» дайындадым. Шамасы, қазылар алқасы менің орындауымдыұнатқан болуы керек, себебі менен ДинаНұрпейісованың «Бұлбұл» күйінің үзіндісінорындауды сұрады. Байқаудың финалы 22 мамыркүні Алматыда өтті. Онда біз екі күй ойнадық – белгілі композиторлар және өз таңдауымыз бойынша. Мен Құрманғазының «Төремұратын» және ҚаршығаАхмедьяровтың «Қуаныш» туындыларын таңдадым. Қарсыластар мықты болды. Мен Гран-при аламындеп күткен жоқпын, – дейді Нұрдәулет.
– Мен ұлымның жеңіске жететініне сендім. Ақшалай сыйлыққа Нұрдәулетті шетелге апарып, көзіне ота жасатқымыз келген. Бірақ ол одан бастартып отыр: ол тіпті нашарлап кетеді деп қорқыпотыр. Оның бір көзі аздап жарық көреді, ал екіншісімүлдем көрмейді. Біздің өз үйіміз жоқ, ұлым пәтерсатып алуға жүлде ақшасын қосқысы келеді. Кешеұлымызға жаңа домбыра сатып алдық. Сондай-ақ, ақша сахналық костюмдерді тігуге де жұмсалады, – деп бөлісті жеңімпаздың анасы Эльмира Жапқараева.
Нұрдәулеттің шығармашылық жеңістерқоржынында көптеген марапаттары бар. Ол осығандейін де облыстық, республикалық жәнехалықаралық байқауларда үздік атанған. Мәселен, өткен жылы XVI халықаралық «Жұлдызай» балаларшығармашылығы фестивалінің Гран-приін жеңіпалып, «Сарыарқаның жаңа есімдері» байқауындабірінші болды.
Нұрдәулет – талантты орындаушы ғана емес, сонымен қатар 13-тен астам күй мен ән жазғанкомпозитор-домбырашы. Оның жетекшісі – № 1 өнермектебінің мұғалімі Нұрдәулет Ыдырысов.
Жомарт Шаймұрат