Қарағандылық таэквондошы Аян Әбдіраш Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан туын алып жүру құрметіне ие болды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде 1-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтетін XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін қазақстандық делегацияны салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Қазақстандық команда құрамында 57 спортшы, еркін және грек-рим күресі, таэквондо, карате, үстел теннисі, дзюдо, жеңіл атлетика және жүзу бойынша 28 жаттықтырушы мен спорт төрешілері бар.

Ойындарға барлығы 100 елден 4500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда, спорттың 20 түрі бойынша 200-ге жуық марапаттар жиынтығы ойнатылады.

 

 

Қазақстанның Туын көтеру құрметі қарағандылық спортшы Самсундағы (Түркия) XXIII жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионатының және көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері тхэквондист Аян Әбдірашқа бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды облысының тоғыз өкілі: Аян Әбдіраш, Валентина Антоненко, Айжомол Абдиакатова, Нұрдәулет Жақып, Виктор Фрундин, Айда Мақатова – таэквондо; Елена Салмина – карате; Алена Бирюкова және Диас Кенжебек – жүзу бойынша бақ сынасады.

 

Жомарт Шаймұрат