Қарағандылық ұшқыш қыз «Су-30СМ» жойғыш экипажының командирі атанды
Қазақстандағы әскери авиацияның жалғыз әйел-ұшқышы Ардана Ботай «Су-30СМ» көпфункционалды жойғыш экипаж командирі ретінде өзінің алғашқы дербес ұшуын жүзеге асырды. Бұл Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет орын алды. – Жақсы дайындықты, оның биікте болуға ұмтылысын, мемлекетіміздің әуе шептерін ұшқыш-жойғыш ретінде қорғау жөніндегі міндеттерді орындауын атап өту қажет.
Ол жауынгерлік авиацияда әйелдердің ерлермен тең дәрежеде күрделі міндеттерді орындай алатынын дәлелдеді, – деді авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.
Ардана Ботай Қарағанды әуе базасында қызмет етеді. Бірнеше ай бойы ол Талдықорғандағы авиациялық базада арнайы оқудан өтті. Өз бетінше ұшуға рұқсат алуға тәжірибелік емтиханды ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов қабылдады. – «Су-30СМ» дербес пилоттау мен үшін кәсіби қалыптасудағы үлкен қадам.
Қазір мен техниканы жақсарту және болашақта дайындық бағдарламасы бойынша жерүсті, әуе мақсаттары мен топтық ұшулар бойынша жауынгерлік қолдануға рұқсат алу үшін қажетті дағдыларды пысықтау мақсатын алдыма қойдым, – деп Ардана Ботай болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті. Жоғары манёврлі ұшақтарды басқаруға рұқсат алу үшін ұшқыштар бірнеше ай бойы теориялық сабақтардан өтеді, арнайы «Су-30СМ» тренажерында жаттығады, штурман ретінде ұшады. Көптеген сынақтар мен емтихандарды сәтті тапсырған соң ғана олар өздігінен ұшуға рұқсат алады. «Су-30СМ» – 4++ буынды көпфункционалды жойғыш. Ұшақ кез-келген ауа-райы жағдайында, күндіз-түні әрекет ете алады, әуе барлауын жүргізуге, әуе, жер үсті және теңіз нысандарын жоюға арналған.
Жомарт Шаймұрат