Қарағандылықтар «Қайырымды істер марафоны» аясында Маңғыстау облысына төрт вагон шөп жібереді
Қарағанды облысының белсенді азаматтары құрғақшылық зардабынан қиындық көріп жатқан Маңғыстау облысының халқына бірнеше вагон шөп жібереді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей Батыс өңіріне келген жұтқа жұрт болып жұмылып, ел болып бірігіп жәрдем жасап жатқан жандарға Жаратқан ием жар болсын! Кеше Маңғыстаудағы бауырларға көмек көрсету мақсатында жиналған қаражатқа шөп сатып алу басталды.
160-қа жуық рулон шөпті төрт вагонға арттық. Арқа азаматтарына, мешіт жамағатына алғысымыз шексіз! Алла халқымызды ауыз бірлігі мен береке ынтымағынан айырмасын — деді Айтбай Жұмағұл.
Жомарт Шаймұрат