Қарағандылықтар тегін қазақ тілі курстарына жазыла алады
Қарағандылықтарға қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік беріледі. Онлайн-курстарға қабылдау туралы Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады. Дәрістерді Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының мамандары өткізеді.
Өткен жылы курсты 150 студент аяқтады. Бұл ретте 250 қарағандылық қазақ тілін меңгеруді жоспарлап отыр.
– Курстар 18 жастан асқан ересектерге арналған. Бір топта 20 адам болады. Сабақтар онлайн форматта өтеді. Курс аяқталғаннан кейін емтихан нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі, – деді Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлжан Бөрібаева.
Сабақ 6-қыркүйекте басталады.
Курстардың ұзақтығы – 72 сағат.
Келесі телефондар арқылы жазылуға болады: (8-7212) 50-65-59, 56-70-84.
Жомарт Шаймұрат