Қаралған әрбір теңге тетігін табуда  

 Жамбыл облысы Шу ауданында  2019 жылы «Автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпыжергілікті аудандық бюджеттен 150 000,0 мың теңге бөлініп,  есепті кезеңде  47 428,4 мың теңгесі игерілген.

Ал елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмысына       186979,0 мың теңге қаралған. 2019 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында 167638,9 мың теңге төленген.

Көшелерді жарықтандыруға 2019 жылы  57,0 миллион  теңге бөлініп, қаңтар-шілде айлары аралығында 56128,2  мың теңгесі игерілді.

Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары.

Шу ауданында бүгінгі күнге халық саны 102120 адамды құраса, оның ішінде 50 323 адам экономикалық белсенді халық санатына жатқызылған. Жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайызды (1326 адам жұмыссыз) құрады.

Бүгінгі күнге 2226 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Олар;(тұрақты жұмыс орнына – 1033 адам, жастар практикасына – 176 адам,  ақылы қоғамдық жұмыс орнына –414 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 53 адам, кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуға жіберілгендер – 140 адам, қысқа мерзімді оқыту курсына жолдама алғандар -341 адам, несие алған -39 адам, 30 адам 200 АЕК гранд  алды.)

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген адамдардың саны   2056 адам оның ішінен  жұмысқа орналасқандардың 1676 адам,  үлесі  81,5  құрайды.

Жалпы Қазақстанда 200 халықты жұмыспен қамту орталығы бар. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру. Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа және жұмыс берушілерге қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін ұсынылады. Жұмыспен қамту орталықтарында арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс істейді және бірыңғай жұмыс стандарттары қолданылады.

Міне, осы орталықтар арқылы Шу ауданында талай тірлік тіктелуде. Бұл еңбірінші бұқараның қамы үшін жасалып жатқан дүние. Және орталыққа жүгінген әрбір азамат жоғарыда атап өткеніміздей қызметтің түрлі жеңілдетілген түрлерін ала алады. Бұл Мемлекеттік қамқорлықтың көрінісі екені анық.

 

Дедек Төлен