ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ БОЙЫНША АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ

 

Бұл туралы Қарақия аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Лаура Бақтыбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, аудан бойынша жыл басынан 281 отбасы 1624 адамға 97194,8 млн теңге көмек тағайындалды.Шартты ақшалай көмек жыл басынан 243 отбасы 1460 адамға 83423,0 мың теңге. Шартсыз ақшалай көмек жыл басынан 38 отбасы 164 адамға 13773,8 мың теңге.

«Мамыр айында 9 отбасы әлеуметтік шартты орындамауына байланысты тоқтатылды. Қайта есептеу кезеңінде 51 отбасының үйіне кіретін табысы адам басына шаққанда күнкөріс деңгейінен асып кетуіне байланысты тоқтатылып отыр. Төтенше жағдайға байланысты азық-түлік топтамамен немесе қаржылай қамтамасыз ету үшін 96,0 млн теңге қаржы бөлінді», — деді Л.Бақтыбаева

— Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан алты жастан он сегіз жасқа дейінгі 524 балаларға 11139,5 мың теңге төленді;

— әлеуметтік-медициналық мекемелерде және бас бостандығынан айыру орындарында тұратындарды есепке алмағандағы он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, барлық жастаға бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері, оның ішінде зейнетақы жасындағы азаматтарға 1221 адамға 20147,0 мың теңге;

— 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 344 балаға 5422,2 мың теңге;

— 345 мүгедек бала күтімімен айналысатын ата-аналарға 5600,4 мың теңге;

— Жұмыссыздар, оның ішінде жұмыссыз мәртебесін жоғалтпаған жұмыспен қамту шараларына тартылған азаматтар 1357 жұмыссыз адамға 21249,3 мың теңге төленді.

Аудан бойынша 3791 адамға азық-түлік топтаманың орнына 5567 теңгеден сәуір, мамыр және шілде айларына 63358,4 мың теңге төленді.

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ