«Қарасора 2022»
2022 жылдың 7 шілдесінде «Қарасора 2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданы полиция бөлімінің мобильді тобымен бірлесіп, «Шу-Қордай» тас жолында «Фольксваген Поло» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Полиция қызметкерлері көлік құралын тексеру барысында «Барон» атты итті қолдана отырып, жүк бөлігінен жалпы салмағы 2 келі 145 грамм болатын «гашиш» есірткі заты бар целлофан пакетін тапты.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бұрын сотты болған Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны өз кінәсін толық мойындады, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.