Қаратауда «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты жаңа саябақ ашылды

«Қазфосфат» ЖШС биыл зауыттың өндірістің қуатын арттырумен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидасы аясында да аз жұмыс атқарып жатқан жоқ. Өңірде өтіп жатқан рухани, әдеби кештер мен ірілі-ұсақты байқаулардың бас демеушісі болуынан бөлек, облыс орталығы Тараз қаласының көркеюі мен кеншілер қаласы Қаратаудың гүлденуіне де үлкен үлес қосып келеді.
Жуырда Қаратау қаласында «Қазфосфат» ЖШС-нің қаржысына салынған «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты саябақ пайдалануға берілді.
Жаңа саябақтың ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

 

– Биыл еліміз үшін мерейлі жыл. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барлық салада елеулі табыстарға қол жеткізді. Ол жетістіктердің негізі қоғамдағы бірлік пен келісім болып табылады. Елбасының сарбдал саясатын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лайықты жалғастырып келеді. Біз осы бағытта әрі қарай да ілгерілей беретін боламыз. Жергілікті билік мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, бизнеспен тығыз ынтымақтастық орната отырып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс, – деп атап өтті облыс әкімі.

 

Аймақ басшысы «Қазфосфат» ЖШС-нің Бас директоры Нұрхан Нұрлановқа Тәуелсіздік мерейтойына орай тамаша тарту жасағаны үшін алғыс айтты. Бердібек Сапарбаев «Интеграл Строй» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдеріне Алғыс хаттар табыс етті.
«Қазфосфат» ЖШС саябақ құрылысына 80 миллион теңге бөлген.

 

Лента қию рәсімінен кейін Нұрхан Нұрланов қонақтарды саябақтың аумағындағы әткеншектермен, сырғанақтар, шағын футбол алаңы, стрит воркаут алаңшаларымен таныстырды.
Саябақ аумағында шыршалар отырғызылған.
– Мен Қаратауда 2005 жылдан бері тұрамын. Қалада қазір оң өзегерістер байқалуда. Бүгін біз үшін үлкен мереке, өйткені жыл сайын балалар көбейіп келеді десек, олардың физикалық дамуына бұл саябақ пайдасы мол болады деп ойлаймын. Қаладағы жолдар, тротуарлар күрделі жөндеуден өтуде.

 

 


Тұрғын үйлер құрылысы жүруде. Қаламыз көркейіп келеді, сол үшін мемлекет, облыс басшылығына үлкен рахметімізді айтамыз, – деді Ольга Стурова.
Бұл күні облыс әкімі көп пәтерлі тұрғын үйді қайта құру барысымен танысты. «Қазфосфат» ЖШС оны қалпына келтіруге 1,2 миллиард теңге бөлді.
Бұл күні облыс әкімі шаһардағы көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарымен де танысты. Оны қалпына келтіруге «Қазфосфат» ЖШС 1,2 млрд теңге қарастырған.

Жасұлан СЕЙІЛХАН,
Жамбыл облысы