Қаратаулық фосфоршылар қоныстой тойлайтын күн жақын

«Қазфосфат» ЖШС жаңа басшысылығы компания қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелеріне көңіл бөліп, қолдау білдіріп, олардың өмір сүру жағдайын жақсартып, материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге басымдық беріп келеді.

 

Осыған байланысты қазір Қаратау қаласында 72 пәтерлік тұрғын үйді қайта жаңарту жұмыстары қолға алынды. Көптен күткен баспана кілттері компанияның Қаратаудағы филиалының әлеуметтік осал санатындағы қызметкерлеріне берілмек.

 

Құрылыс мердігері – «Интеграл Строй» ЖШС. Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін құрылыс басында бүгінде 120 адам жұмыс істеп жүр. Тұрғын үй қараша айының соңына таман аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Бұл компания басшылығы басымдық берген бағыттың алғашқы қадамдары ғана. Болашақта «Қазфосфат» ЖШС-нің қалған филиалдарының жұмысшыларына да жаңа қоныс бұйыруы мүмкін. Ол тек уақыт еншісіндегі шаруа.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН,
Жамбыл облысы