Қарқаралы ауданында Ахмет Байтұрсынов сабақберген мектеп жөнделіп жатыр
Қарқаралы ауданының Ақтерек ауылында АхметБайтұрсынов сабақ берген мектеп жөнделуде. Сондай-ақ әдебиетшінің оқу сыныбы жабдықталады.
Бір қабатты ағаш ғимарат қашан салынғанынешкім дәл айта алмайды. Аудандық мәдениетбөлімінің қызметкерлері мұндай деректерді не облыс, не Алматы мұрағаттарынан таба алмады. Мамандарғимарат XIX ғасырдың соңында салынған депболжайды. Сол жерде Ахмет Байтұрсыновтың сабақбергені туралы ғалым Ақжан Машановтыңеңбектерінде жазылған және ғимараттыңмандайшасынлағы ескі тақтайша куәландырады. Жазбаларға сәйкес, ағартушы бұл мектепте 1904 жылдан 1909 жылға дейін жұмыс істеген.
– Ғимарат өте ескі. Бір кездері мектеп болған, ал90-шы жылдары байланыс бөлімшесі мен тау-кенбайыту комбинатының шаруашылық кеңсесіорналасқан, – дейді Қарқаралы ауданының мәдениетжәне тілдерді дамыту бөлімінің маманы ДанаӘлиева. – Содан кейін біраз уақыт ол бос қалып, ескірді.
Ауылдың қариялары ғимаратты толығыменқирап қалудан құтқарған. 2007 жылы «Жібек жолы» бағдарламасының арқасында ол қалпына келтіріліп, дуалмен қоршалды. Жөндеу жұмыстары 2008 жылыжалғасты, содан кейін ғимараттың бір бөлігікітапханаға берілді, ал екіншісінде шағын орталықашылды.
– Қазір ғимарат мемлекеттің қорғауында. Ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді. Біз нысанныңалғашқы күйін сақтап, балаларға қолайлы жағдайжасауға барынша тырысамыз, – дейді Дана Әлиева. – Ғалымның сыныбында оның туған-туыстарынажазған хаттары сақталатын болады. СуретшілерАхмет Байтұрсыновтың 3D-портретін салады. Кіреберісте заманауи тақтайшалар орнатылып, кітапханадағы кітап сөрелері жаңартылады.
Бесінші қыркүйекте лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы жәнеқоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына150 жыл толады. Бұл күні жаңартылған ғимараттыңашылуы да жоспарланып отыр. Мерейтой күнінеорай конференциялар мен түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жомарт Шаймұрат