Қарқаралыда Ұлы дала анасына арналған ескерткіш ашылды
Қарқаралы қаласына кіре берісте Ұлы дала анасы деп аталатын Қарқабат анаға ескерткіш орнатылды. Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым және т. б. қатысты.
Монумент қоладан жасалған, оның биіктігі тұғырмен бірге 7,5 метрді құрайды. Мүсіннің авторы – Бейбіт Мұстафин. Ескерткіштің орнатылуына Орталық Қазақстан Академиясының ректоры Бақтыбай Жүнісов бастамашы болды.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ескерткіштің ашылуында Қарқабат ана – халық бірлігін, патриотизмді және парасаттылықты білдіретін нышандарының бірі екенін атап өтті.
– Қаркабат ана барлық аналардың ұлы анасы деп аталады. Ол қазақ даласындағы аналардың барлық жақсы қасиеттерін, бүкіл халықтың анасын бейнелейді. Қарқабат-ананың даналығы, өмір жолы мен бейнесі өскелең ұрпақ үшін үлгі болады, – деді Жеңіс Қасымбек.
Аңыз бойынша, Қарқабат ананың кенже ұлы Болаткожа Қаракесек деп аталып кеткен.
– Қазақ халқының тарихында із қалдырған ұлдардың (ұлы Қазыбек биден бастап батыр-ғарышкер Тоқтар Әубәкіровке дейін) анасының есімі ешқашан ұмытылмайды. Бұл ескерткіш болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін қажет, – деп атап өтті ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.