ҚАРТТАРМЕН ҚАҒИДАЛЫ КЕЗДЕСУ
Бұрын онша ескеріле бермейтін «Халықаралық қарттар күні» Сарысу ауданында биылғы жылы ерекше аталып өткенін байқадық.
Аудандағы 45 мың халықтың төрт жарымын құрап отырған қарттар легінің бір тобымен ауданның жас әкімі Марат ҚЫРҒЫЗӘЛІҰЛЫ емен-жарқын кездесідің ұйтқысы болды.
Осыдан аз уақыт бұрыр бір тобымен шәй үстінде сұбхаттасып толғақты мәселелердің біразын қайырған еді.
Бір жеті бұрын аудан бойынша жиырма шақты әр ауылдағы ардагерлер кеңесінің ұсынысымен реттелге зиялыларды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмәділдаев пен өзі бастап мұсылманның екінші Мекесі аталған қасиетті Түркістан шаһарының көрікті әрі әулиелі нысандарын аралатып Ұлыларға дұға жасатып қайтты.
Арасында Жаңатаста өткен қарттар мен жастардың түрлі іс шараларында болып, марапаттарымен демеді.
Шаршауды білмес жастықтың куәсіндей Марат ініміздің өзі қызмет тізгінін ұстаған 6 айлық кезеңде ауданда көптеген игі тірліктің тұрғындар рахатымен сусындауда.
Сол шаралардың жалғасы іспеттес іскерлікке пара пар бүгінгі қағидалы кездесуден бас қосқан қарттар көптегін жаңалықтың жаңашылдығынан хабардар болды.
Жуырда ел президентінің Жолдауында Қазыналы қарттармен жиі кездесіп олардың өмірлік тәжірибесінен сабақ алып отыруды да үлкен,кіші әкімдерге тапсырғандай болған.Ауданда бұл үрдіс ілгеріге жол бастауда.
Әкім,бас қосуды өзі ашып,аудандағы тыныс,тіршілік,алдағы міндеттер жайлы да қысқа,нұсқа тоқталып өтті.
Одан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмәділдаев аудан зиялылары мен қарттары Президенттің Жолдауымен танысқаннан кейін өздерінің үлестерін қосуға бет бұрғанын барлық 25 елді мекендерде өздерінің сайлау жиналыстарынан бері жаңаша қозғалысты қолға алғандары қуантатына еске түсірді.
Одан соң пікірлесу үстінда ауданның өсіп өркендеуіне үлес қосқан бүгінде ақылман ақсақалдар мен апалар Басие, Байтуған ,Жұмашбек, Алтын,Мағия,Серік, Шынайдар тағы сондай ардагерлер келісті кездесудегі өрісті сұбхатқа ризашылдықтарын білдіріп өмірлік тәжирибелерін ортаға салды.
Қатысқандар Мерекелік құттықтаулары мен қомақы сыйлықтарына ризашылық алғыстарын айтып, жас әкімді жарасты тірліктеріне қол соқты.
Кездесуде аудандық Мәсілихат хатшысы Асанбай ініміз, әкім аппаратының басшысы Бейсен,ішкі саясат бөлімі басшысы қарындасымыз және әкімнің баспасөз хатшысы аудан тірлігін тереңнен екшеген Асан інілеріміз және басқа да мамандар қатысып,қызмет көрсетті.
Ауданның күміс көмей, жез таңдай әншілері,кеше ғана қазақтың бір туары өнер зерттеушісі,сазгер Илья Жақановтың 85 жасқа толу құрметіне арналған ән кешінде Илья әндерін тамылжыта орындаған танымал әнші жігіттеріміз қарттарға әрнап сан түрлі әндерімен бас қосуды әрледі.
Қарттар бір жасап ризалық пейілдерімен қайтты.
Марат Қырғызәліұлының қарапайым,көреген қағылездігі қатысқандардың көңілін толтырғанын байқадық.
Болар Елдің басына, болымдылар келер қасына.
Бергентай. Н.
01.10.2021 жыл