Қастерлі Отанымыздың тұғыры биік болсын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолы бұрынғы дәстүрді өзгертіп, елдің негізгі бағыт-бағдарын Наурыз мейрамы алдында жариялауға шешім қабылдады.
Тоқаев қаңтар оқиғалары бойынша тергеудің алдын ала қорытындысын айтып өтті. Ол өз сөзінде «Береке бірлігімізді сақтамасақ жеткен жетістігіміздің барлығынан айырылып қалуымыз мүмкін!» — деді. Қаңтардағы дүрбелең кездегі оқиғалар қоғамды дүр сілкіндірді «Елдің тыныштығын бұзатын лаңкестерге жол бермеуіміз қажет», «Қаңтар оқиғасы мемлекетіміз үшін сын сағат болды, мен ел үшін шұғыл шешім жасадым» — деп айтып өтті.
Түрлі салада ауқымды өзгерістер басталады дей келе 10 реформалық мәселелерге тоқталды. Айтып өтсек Жаңа президенттік модел қалыптастыру, өкімді билік тармағын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия системасын дамыту, сайлау үрдісін жаңарту, әділетті ашық сайлау үрдісін енгізу, құқық қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестік қабілетін арттыру, еліміздің әкімшілік аумақтық жүйесін құру, жергілікті өзін-өзі басқару және конституцияға өзгерістер енгізу мәселелерін тоқталып өтті.
Сондай-ақ қала атауларына енгізілетін өзгерістерді айтып өтті. «Бабалар аманатына адал болып оны ұрпаққа табыстау менің міндеттім» — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Ендеше Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік құрметті жастар! Қастерлі Отанымыздың тұғыры биік болсын!
Юлдашбай Дарибаев
Дулати университеті,
PhD доктор