ҚАТЫН ДЕГЕН…!!!

Бірде Мұқағали қатты қызу, көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали:

— Шопыр бала, шопыр бала! Мәшинаң да орын барма отырғанға? — десе, рульде отырған (сол кездегі ең алғашқы таксист əйел екен) әйел:

— Мен саған бала емеспін, — депті.
Сонда Мұқағали тағы да:

— Шопыр қыз, шопыр қыз! Онда мені мәшинаңа отырғыз, — депті.

Əйел тағы да:

— Мен саған қыз емеспін, — депті.

Мұқағали əйелдің бетіне қарап:

— Шопыр қатын, Шопыр қатын! Мәшинеңде орын бар ма отыратын?! — депті.

Ашуға булыққан əйел:
— Немене, келіншек десең тіліңе жара шығама, қатын деп қақылдамай? — десе, Мұқағали:

— Əй қалқам, «қатын» деген сөздің түп төркінін түсінбеген жан екенсің.

«Қатын» деген қасиетті бес əріптен құралған:

Қ — дегенім — қадірлім,
А — дегенім — ардақтым,
Т — дегенім — тынысым,
Ы — дегенім — ырысым,
Н — дегенім — намысым! — деген екен.

Сонда əйел:

«Отырыңыз аға! Ендігі жерде қатын болып жүрейін!» — деген екен…