«Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ шығар…

Бірде Мұқағали қатты қызу, көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали:
— Шопыр бала! Шопыр бала! Машинаңда орын барма отырғанға? -десе, рульде отырған (сол кездегі ең алғашқы таксист әйел екен.
-Мен саған бала емеспін,-депті.
Сонда Мұқағали тағы да:
-Шопыр қыз! Шопыр қыз!
Онда мені машинаңа отырғыз,-депті.
Әйел тағы да:
-Мен саған қыз емеспін,-депті.
Мұқағали әйелдің бетіне қарап:
— Шопыр қатын! Шопыр қатын!
Машинеңде орын барма отыратын?!-депті.
Ашуға булыққан әйел:
-Немене, келіншек десең тіліңе дара шыға ма, қатын деп қақылдамай? — десе, Мұқағали: «Қатын» деген қасиетті бес әріптен құралған:
Қ- дегенім -қадірлім,
А -дегенім — ардақтым,
Т — дегенім — тынысым,
Ы — дегенім — ырысым,
Н — дегенім — намысым! — деген екен. Сонда әйел, «Отырыңыз аға! Ендігі жерде қатын болып жүрейін!» депті.