ҚАТЫННЫҢ /ХАНЫМ/ ИМАН ЛӘЗЗАТЫН СЕЗІНУІ НЕДЕ ?
Бір күні бір қатын бір ғалымнан :
– Уа, ғалым! Мен тұрмысқа шықпай тұрғанда, қыз кезімде жиі ораза ұстайтынмын, көп нәпіл намаздар оқитын едім, әрі Құран оқығанда ерекше әсерленетінмін, ал қазір АЛЛАҺҚА бойұсынудың ләззатын жоғалтқандаймын, оның сыры неде — деп сұрақ қояды .
Сонда әлгі ғалым одан :
– Жақсы… Маған күйеуіңмен мәмілең жайлы айтшы, қаншалықты көңіл бөлесің? — деп сұрайды.
қатын:
– Мен сізден Құран, Ораза, Намаз, АЛЛАҺҚА бойұсынудағы ләззат жайлы сұрап жатырмын, ал сіз болсаңыз күйеуім жайлы сұрап кеттіңіз. Ол не үшін? — дейді.
Ғалым :
– Оның мәні сонда жатыр. Не үшін кейбір қатындар Иман ләззатын сезіне алмайды, не үшін АЛЛАҺҚА бойұсынуда рахат таппайды, не үшін өзінен игі, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп шығара алмайды?!
✍ АЛЛАҺ Елшісі ﷺ былай дейді :
ولا تَجدُ المرأة حلاوة الإيمان حتَّى تؤدِّي حقَّ زوجها
*«қатын адам күйеуінің алдындағы ақысын орындамай иман ләззатын тата алмайды»*
[«Сахих ат-Тарғиб» (1939)].
*Күйеуінің алдындағы ақылары қандай ?*
✍ Саид ибн Мусайябтың (АЛЛАҺ ол екеуін де мейіріміне алсын) қатыны былай дейді :
ما كنَّا نُكلِّم أزواجَنَا إلَّا كما تُكلِّمون أمراءَكم
*«Біз өз күйеуімізбен — сендер өз патшаларыңмен сөйлескендей сөйлесетін едік ».*
[«Хилят әл-әулия» (5/168)].
Оның алдындағы ақысы — *қатынның жүрегінде күйеуіне деген құрмет пен ізеттің болуы.*
✍ АЛЛАҺ Елшісі ﷺ бір сахаба қатыннан:
– Тұрмыстасың ба? — деп сұрайды.
Ол:
– Ия — деп жауап береді.
АЛЛАҺ Елшісі ﷺ:
– *Оған қалай мәміле жасайсың?* — дейді.
Ол:
– Мен оған бойұсынуда қателікке бой алдырмаймын — деп жауап береді.
Сонда АЛЛАҺ Елшісі ﷺ:
فانظري أين أنت منه إنَّما هو جنَّتُك ونارُك
– *Оған жасаған мәмілеңе көңіл бөл, себебі ол сенің Жәннаттың мен Тозағың.*
[«Сахих ат-Тарғиб» (1933)].
Бұл дегеніміз, *оған бойұсыну арқылы — Жаннатқа қадам басасың, ал бойұсынбау арқылы — Тозаққа түсесің.*
✅ АЛЛАҺ Тағала қасиетті Құран Кәрімде былай дейді :
فَالصَّالِحَاتُ قَانِتَاتٌ حَافِظَاتٌ لِّلْغَيْبِ
*«Ал енді жақсы қатындар — бой ұсынушылар, АЛЛАҺ қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар».* (Нисә сүресі 34 аят)
✏ Сахабалардың ішінде Құран тәпсірінен атақты болған Абдуллаһ ибн Аббас (АЛЛАҺ оған разы болсын), бұл аятты тәпсірлегенде былай дейді:
*«Бойұсынушы» (қонитәт/ قَانِتَاتٌ) — бұл дегеніміз өз күйеуіне бойұсынушы, бірақ АЛЛАҺ Тағала «бағынушы» (таи’ат/ طَائِعَات) демеді, себебі «бойұсыну» (кунут/قنوت) – бұл басқаша, мұқият тыңдаудың, бағынудың ең жоғарғы дәрежесі.*
Алайда қатынның расында да салиқалы және бойұсынушы екенін қайдан білеміз?
Оның белгілері төменде:
*Егер оған қарасаң — қуанасың.*
*Егер бір нәрсе бұйырсаң — бойсұнады.*
*Егер күйеуі ант ішсе — антын орындауға көмектеседі.*
*Егер күйеуі жоқ болса — оның ары мен малына қатысты дүниелерді қорғайды.*
*Егер күйеуін көрмесе де, күйеуінің ашуын туғызатын істерді біліп, ол амалды жасамайды.*
*Ол күйеуіне ұнамайтын істі істемейді.*
*Әрі күйеуі қаламаған істің кішісін де, үлкенін де жасамайды.*
✍ АЛЛАҺ Елшісі ﷺ:
ألا أخبركم بنسائكم في الجنة؟
الودود الولود إذا غَضِبتْ أو أسيء إليها
أو غضب زوجها قالت: هذه يدي
في يدك لا أكتحلُ بِغمْضٍ حتى ترضى
*«Сендердің Жәннаттағы қатындарың жайлы хабар берейін бе? Олар жақсы көретін, бала туатын, өзі ашуланса, яки оған жамандық жасаса немесе күйеуі ашуланса: «Міне менің қолым сенің қолыңда, сен маған разы болмайынша қолыңды жібермеймін»* — дейді».
[«Сахих ат-Тарғиб» (1941)].
✏ Салиқалы қатын өзінің сүйікті Пайғамбарының ﷺ мына сөздерін еске алады:
لا يَنظر الله إلى امرأة لا تشكر لزوجها
*«АЛЛАҺ Тағала өз күйеуіне шүкіршілік етпеген қатынға қарамайды».*
[«Сахих ат-Тарғиб» (1/581)].
✏ Салиқалы қатын өзінің сүйікті Пайғамбарының ﷺ мына сөздерін есінен шығармайды:
لو كنتُ أمرتُ أحداً أنْ يسجد ﻷحد
ﻷمرتُ المرأةَ أنْ تسجدَ لزوجها
*«Егерде мен адамдар арасынан басқа адамға сәжде жасауға бұйырғанымда, онда мен қатынның өз Күйеуіне сәжде жасауды бұйырар едім».*
[«Сахих ат-Тарғиб»
Расында қатындар ізгі амалдарының қабыл болуы күйеуінің разылығында жатыр..
✍ АЛЛАҺ Елшісі ﷺ былай дейді:
ولا تؤدِّي المرأة حق الله عزوجل
حتى تؤدِّي حق زوجها كله
*«қатын адам күйеуінің ақысын толық орындамайынша, АЛЛАҺ Тағаланың ақысын орындамайды».*
[«Сахих ат-Тарғиб» (1943)].
✍ *қатындарға ескерту* ретінде АЛЛАҺ Елшісі ﷺ былай дейді:
اثنان لا تجاوز صلاتهما رؤسهما،
عبد آبق من مواليه حتى يرجع،
وامرأة عصتْ زوجها حتى ترجع
*«Екі түрлі адамның намазы басынан жоғары көтерілмейді:*
*Қожайынынан қашып кеткен құл қайтып келмейінше және күйеуіне бағынбаған қатын қайтып келмейінше».*
[«Сахих ат-Тарғиб» (1948)].