ҚАЗАНҒА ТҮСКЕН ЖЫЛАННЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

Бір кісі асқазан обырынан қатты ауырыпты. Дәрігерлердің сөзінше, жазылмайтын ауру екен. Ешқандайда дəрі-дəрмек көмектесе алмаған екен. Дəрігерлер де көпке бармайтынын ескертіпті. Содан əлгі кісінің үйінде бір себептерге байланысты үлкен ас берілсе керек-ті. Сырттағы қайнап жатқан етке ағашта өрмелеп жүрген жылан түсіпті. Ет пісті-ау дегенде үй иесі қазандағы еттерді сүзіп алмақшы болғанда нан шалғысына жылан түседі. Өзі қорқып кетсе керек жалма-жан жыланды алып, ешкім жоқта əрірек апарып тастайды. Қазандағы сорпаны төге де алмаған. Өйткені салып алатын қамыр дайын тұр. Бірақ ешкімге де тіс жарып айта да қоймапты. Ас дайын болып қонақтарға таратыла бастайды. Бəрі ас жеп болғанда науқас кісі сорпадан ішкісі келгенін айтып, бір кесе құйып беруін өтінеді. Алғашқы кеседегі сорпадан-ақ араны ашылып, бірнеше кесе сорпаны ішіп алады. Əлгі кісі үш күн дегенде құлан таза айығып, төсек тартып жатқан кісі орнынан тұрып кеткен екен. Дəрігерлер таң-тамаша болған деседі. Содан зерделей келе, сорпаға түскен жылан туралы үй иесі айтқанда ғана бəрі түсінікті болған екен.
***
Осыған ұқсас тағы бір жəйт
Бір əйелдің күйеуі асқазан обырынан қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Содан бір күні әлгі кісі түн жарымда қатты шөлдеп шай ішкісі келеді. Əйелін тұрғызып шай беруін сұрайды. Үйінде суы таусылғанын көрген əйелі сыртқа су әкелуге шығып кетеді. Олар есік алдында үнемі ағып жатқан арықтағы судан ішеді екен. Әйел со сырттағы ағып жатқан суға келеді де шелекті сүңгітіп суды алып үйіне келеді. Сыртта ұйықтап жатқан үйдің адамдарын мазаламайын деген ниетпен тас қараңғыда самаурынға суды құйып, сырттан қайнатып əкеліп, күйеуіне шәй демдеп береді. Күйеуі шайға тәбеті ашылып, бірнеше кесе шәй ішіп тастайды. Әр ішкен шәйі денесіне жағып, сүйсініп отырып ішкен екен. Таңертең төсек тартып жатқан күйеуі орнынан тұрып, сыртқа шығып жүре бастапты. Содан əйелі таңғы шайды қою үшін самаурынды сыртқа алып шығып, суды құйғалы жатқанда ішінен өлген жыданды көріп шошып кетеді де, алысқа апарып тастайды. Кейіннен үйдің адамдарына айтып, күйеуінің ауруының емі жыланнан болған құпияны осылай ашқан екен.