Қазақ айтады

— Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт,
— Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт.
Баланың көзінше әйеліне «анау бол, мынау бол» деп кемшілігін тізіп айта берсе оны көрген баланың алдында анасының қадірі қандай болмақ? Баланың шешесін қадірлемеуі осыдан шығады. Ал, баланың сана-сезімі, намысы, ұяты, жігері қалыптасып өсіп келе жатқанда айыбын ел көзінше жерге тығып айта берсе жас өскіннің сағы сынбайды ма екен? Өзіне деген сенімділігі төмендемейді ма екен? Жасықтық осыдан шығады…