«Қазақ елі — татулық мекені»

 Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінің алаңында дәл осындай тақырыпта үлкен мәдени-көпшіліктік іс-шара өтті.
Аудандық «Балалар-жасөспірімдер орталығының» ұйымдастыруымен өткен ашық аспан астындағы концерттік бағдарламаға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, жергілікті тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтады.
 

«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға орталық тәрбиеленушілері жергілікті тұрғындарға қолөнер бұйымдарын көрме ретінде ұсынып ғана қоймай, халықтар достастығын әуелеген әуезді әндері және мың бұралған билерімен жеткізе білді.