Қазақ пен домбыра егіз ұғым
Қандай да болмасын бір ұлт жайлы әңгіме болғанда қатар жүретін егіз ұғым болады. Алтай мен Атыраудың арасын мекендеген қазақ ұлтының салт-дәстүрі сөз болғанда домбыра туралы айтпау мүмкін емес.
Адам өмірге келгеннен бастап қош айтысқанға дейінгі аралықта болатын белестер жайлы осы домбыра сыр шертеді.
Домбыраның қос шегінен төгілген әр түрлі қөңіл күйді білдіретін сазды сиқырлы әуендерді тыңдап отырып қазақ халқының бастан кешкен тарихында болжауға болады.
Қазақ пен домбыра егіз ұғым.
Президент жарлығымен Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі
ата бабаларымызға , ұлттық өнеріміз бен ән – күйімізге деген құрмет десек артық айтқандығымыз болмас. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы бұл «Ұлттық домбыра күні» – нағыз рухани жаңғыру .
Өскелең ұрпақ санасына ұлтық өнерімізді, ән мен күйімізді, күмбірлеген қоңыр үнді домбырамен жеткізе алсақ одан асқан бақыт барма!?
Кешегі өткен Біржан Сал, Ақан Сері, Тәттімбет сынды бабаларымыз домбыраны жандарына серік етіп, халықтың мұң – мұқтажын жоқтады, елі үшін езілді. Бабаларымыздың көзіндей болған- бұл алтын домбыра, осы уақытқа дейін қасиетін жоғалтқан емес, жоғалтпайды да.
Ендеше, дархан даламыздай көңілімізді, қазақ дейтін асқақ ұлттың «қазақ» екенін күллі әлемге танытатын – ұлттық домбырамызды насихаттайық!
Нұриден Иманбаев,
ҚР мәдениет саласының үздігі, Семей қалалық мәдениет Сарайының директоры