Қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш ректор
Тұрсын Мырзабекқызы – қазақ қыздарының арасында есімі айрықша аталатын тұлға. Тарих ғылымдарының кандидаты – қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы әйел ректор.
1914 ж. Алматы қаласында орта шаруаның отбасында дүниеге келген. Орта мектеп бітірген соң Қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі.
1933 ж институтты бітірген соң ол Балқаш, Қарағанды және Алматы қалаларында қызметтер атқарды.
1938-1945 жж. Шымкент қаласында тарих пәнінің мұғалімі, облыстық халыққа білім беру бөлімінде, қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істейді.
1945 ж Т.Мырзабекова Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына директорлық қызметке тағайындалып, осы қызметте 14 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. қызмет атқарған
Институт басшысы ретінде қыз балалардың тұрмыс-жағдайын реттеу мақсатында жатақхана мен оқу корпустарын салуды, тегін тамақтандыруды ұйымдастырды. Қазір де оқу орнында студенттерге тегін тамақ беріледі.
Т.Мырзабекова институтта алыс ауылдағы қазақ қыздарын оқытуға өте көп назар аударған. Киімі, тамағы, жатын орны, кітап, құрал-жабдықтары үкіметтен қаржыландырылған Алматыдағы арулардың ордасына жан-жақтан ауыл қыздары ағылып келе бастады. Сөйтіп институт контингенті біршама артқан.
Т.Мырзабекова институт кітапханасын ұйымдастыруда зор еңбек еткен. Орыс тіліндегі әдебиет классиктерінің еңбектерін, әртүрлі пәндік анықтама кітаптарын, Мәскеу, Санкт-Петербург және тағы да басқа Ресейдің үлкен қалаларынан алғызып, кітап қорын ұлғайтты.
Тұрсын Мырзабекқызы 1996 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.
Нөкетаева, Д. (2015). Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш ректор. Білім шапағаты.