Қазақ Ұлттық Әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясы түсіндіреді: ӘЙЕЛДЕ ҚАЙЫН ЖҰРТ БОЛМАЙДЫ!
Әйел адамның үш жұртының ішінде тек нағашы жұрты ғана өзгермейді. Қазақ ежелден «Қыз — жат жұрттық» деген.Қыз күйеуге тигенде «құтты орнына қонды», «орнын тапты» дейді. Қыз оң жақта отырғанда Әкесінің елі уақытша өз жұрты болады да, күйеуге тиген соң барған жері — түпкілікті Өз жұрты болады. Өйткені сол барған жерінің баласын табады, барған жерінің Анасы болады. Әкесінің елі -Төркін жұртына айналады.
Егер күйеуімен ажырасып қайтып келсе Төркін жұрты қайтадан өз жұртына айналады. Егер күйеуі қайтыс болып кетсе, балалары болса өзі сол барған елдің әйелі болып қала береді. Басқа күйеуге тиген жағдайда кейінгі күйеуінің елі өз еліне айналады.
Әдетте жөн білетін үлкен әжелердің бәрі елін сұраса төркінін емес барған жерін өз елім деп айтады. Күйеуі жағынан туыстардың нақты жақындығын білдіру үшін «қайын ата», «қайын ене», «қайнаға», «қайны», «қайынсіңлі» атаулары қолданылады. Бірақ бұл атаулар әйелдің қайын жұрты болатындығын білдірмейді. «Әйелдің қайын жұрты» деген жаңсақ атау кеңестік кезеңдегі «тең құқылық» талаптарынан туындаған этнографиялық шатасулардың салдары.
Marat Baidildauly