Қазақстан халқының саны артты

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда халық саны осы жылдың 1 тамызында 18 млн 292,7 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіштен 238,7 мың адамға немесе 1,3% артық, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 544,3 мың адам немесе 57,6 пайыз, ал ауыл халқының саны 7 млн 748,4 мың адам немесе 42,4 пайызды құрады.

Республика халқының табиғи өсімі есептік кезеңде 4,4 мың адамға (3,1%) көбейіп, 150 мың адамға жетті. Қарастырылып отырған кезеңде 78 мың адам қайтыс болған, бұл былтырғыдан 1% артық.

Көші-қон органдарының мәліметіне қарағанда, 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізге келіп тіркелгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 24,8% азайып, 7306 адам болған. Қазақстаннан кетіп жатқан мигранттар саны 12,8% артып, 21 894 адамды құраған. Негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жүріп жатыр.

 

baq.kz