«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Aqtóbe» филиалының директоры қызметіне журналист Ғани Жәпішов тағайындалды.

Ғани Жәпішов 1986 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары: 2004-2008 ж.ж Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік (Түркістан қ.) университетін журналистика мамандығы бойынша, 2014-2016 ж.ж «Bolashaq» академиясын (Қарағанды қ.) құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы желтоқсан айында Euronews (Франция, Лион қ. ) каналында оқу-тәжірибеден өткен.
Медиа саласында 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
Әр жылдары «Ақтөбе» телеарнасында редактор-жүргізуші, «Хабар» телеарнасында (Нұр-Сұлтан қ.) «Қорытынды жаңалықтар» жүргізушісі, шығарушы редактор, «Үкімет пен әлеумет», «Жаңа қоғам» бағдарламаларының авторы және жүргізушісі болған. 2019 жылдың наурыз айынан бүгінге дейін Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз-хатшысы ретінде жұмыс жасап келген.