Қазақстанда АЭС салуға қанша қаржы жұмсалады?
Елімізде АЭС-тің екі реакторының құрылысына 10-12 млрд доллар жұмсалмақ. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ-нің еншілес кәсіпорны «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
«Алдын ала есептеулер бойынша, Қазақстанда әрқайсысының қуаты 1,4 мың МВт болатын 2 реакторлы АЭС салу керек. Болжам бойынша оның құрылысына 10-12 млрд доллар қажет. Сондай-ақ, АЭС-ті пайдалану мерзімін 60 жылдан 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырамыз. Жалпы, АЭС құрлысын несие беру арқылы немесе коммерциялық жоба аясында салу ұсынылады», — делінген хабарламада.