Қазақстанда әйел басқаратын жалғыз әуежай қай қалада екенін білесіз бе?

Ақтау халықаралық әуежайын Меруерт Жолдыбаеваның басқарғанына бір жылдан асты. Оның қарамағында 600-ден астам адам бар

Меруерт Жолдыбаева Түркияның Измир қаласында білім алған. Мамандығы журналист болғанымен, ол салада жұмыс істеп үлгермеген. Ал Қазақстанға келер алдында Меруерт жұбайымен бірге Ақтауды таңдаған. Себебі Меруерттің күйеуі теңіз саласында жұмыс істейді. 2007 жылдың аяғында облыс әкімдігі мен түрік инвесторы компаниясы арасында терминал мен әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту туралы келісімге қол қойылды. Ал 2008 жылдың басында Меруерт Жолдыбаеваға осы жобамен жұмыс істеу туралы ұсыныс түскен. Ол кезде ол 24 жаста болатын.

«Мен директорлар кеңесінің ассистенті болып жұмыс істей бастадым. Өйткені мен ағылшын, түрік тілдерін жақсы білетінмін. Содан кейін мені оқуға – сапа менеджменті курстарына жіберді. Сол жылы халықаралық стандарттармен таныстыру, сапа стандарттары және авиациялық стандарттар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істедім», – деді ол.

2013 жылы Меруерт Ақтау халықаралық әуежайы басқарма төрағасының орынбасары болды. Ал 8 жылдан кейін ол зейнетке шыққан директордың орнына ауысып, әуежайды басқарып келеді. Меруерт Жолдыбаеваның айтуынша, әуежай жұмысындағы табыс, ең алдымен, барша ұжымның еңбегі.

«Біздің әуежайдағы қызметкерлеріміз өте еңбекқор. Жастардың білмегенін үйретеді және әрқашан сенімді ақтай алады», – деді ол.

Сонымен қатар әуежай басшысы үйдегі барлық шаруаны күйеуі екеуі бөлісетінін де жасырмады.

 turkystan.kz