Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады?

Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келіп тұр. Бұл күн күнтізбеде демалыс күні деп белгіленген. Сондай-ақ Үкіметтің «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстырылды.

Тиісінше, қазақстандықтар тамыз айында төмендегі тәртіп бойынша демалады:

Бес күндік жұмыс аптасында – демалыс күнін үш күн қатарынан ауыстыруды ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);

Алты күндік жұмыс аптасында – екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).

Жалпы, бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.

turkystan.kz.