Қазақстандықтарға референдум тізіміне енгені туралы хабарлама SMS арқылы жіберіледі
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың тізімге еніп-енбегенін тексеру үшін жаппай SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр.
Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін әкімдіктер жасайды.
Уақытша тіркеуде тұрған азаматтар референдумға қатысқысы келсе, әкімдікке өтініш беруі қажет. Сол өтініш негізінде тізімге енгізіледі.
