«Қазақтың Қыз Жібегі» – Меруерт Өтекешова мерейлі жасыңыз құтты болсын!

«Қазақтың Қыз Жібегі» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, көрнекті театр және кино актрисасы, профессор Меруерт Өтекешова өмірде де өнерде де қазақ қызына, қазақ әйеліне, қазақтың анасына тән қасиет киеден аттамаған өнегелі жан.
Қаншама буын ұрпақ өмірдегі ізгілігі мен ілтипатын сезініп, еліктеп өссе, өнердегі биіктігі бір төбе.
Меруерт Қаратайқызы – бү¬гін¬де перзенттерінің ортасында немере сүйіп отыр¬¬ған ¬аяулы ана, асыл әже. Ел¬ор¬дବмыздағы Қବзақ ұлттық өнер уни¬вер¬-ситетінің ¬пр¬¬¬фессоры өз ш嬬бер¬¬ханасында блашақ әртістерге кә¬сіби білім бе-реді. М.Өте¬кешованың ұлт¬¬тық театр және кино өне¬ріндегі аꬬтерлік шеберлігі мен өнегелі өмір ¬жолы – жас ұрпаққа жар¬қын үлгі.
Ал, «Қазақтың Қыз Жібегі» – Меруерттің жұдырықтай жүрегі қазақ баласының, ұрпағының бақытын, тілеуін тілеуден бір сәтте жаңылған емес. Талай буын ұрпақты тәрбиелей жүріп, олардың өнердегі ғана емес өмірдегі жолының жарқын, даңғыл болуына аналық жүрегімен бағыт-бағдар беріп, жол көрсетумен келеді.
Біз білетін «Әлібиге әділдік» жолында балаша араша сұрап, балаша үміттеніп жүрегі езіле еңірегенде етегі толғанына бүкіл ел куә. Баласындай болған шәкірті қазақтың жәудіркөз бір ботасы – Әлібек Өтепберген үшін аруанадай аңырап, Ақтөбеге сан мәрте барды. Тауы шағылған жоқ, үміті де үзілмейді. Өйткені аққа Құдай жақ. Әліби ақталады.
Қадірлі Меруерт Өтекешова Әліби бостандыққа шығып, «ақ түйенің қарны жарылған» сүйіншілі ақжолтай хабар Сізді көп кешікпей қуантса екен деп тілейміз! Сізге ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, мол бақыт тілейміз! Өнер көгіне қанат қаққан өрендердің ортасында мейірім-шапағатыңызбен барша әйел-аналарға, қыз-келкелншектерге үлгі болып, жарқырап, жасай беріңіз!

 

Құрметпен «Елана» kz cайты ұжымы!