ҚАЗАҚТЫҢ ТАМАҚТАНУ ҮРДІСІ
ҚАЗАҚТЫҢ ТАМАҚТАНУ ҮРДІСІ
туралы сұхбаттардан үзінді
Жазушы Қалихан Ысқақ:
– Қазақтардың бұрынғы тамақтану тәртібін, ауқаттану рационын зерттеген шетелдік сарапшылар оның аса дұрыстығына, денсаулыққа пайдалылығына таңқалыпты. Себебі, қазақтар алты ай қыс бойы неғұрлым нәрлі, күшті азық ішіп, алты ай жазда қонақ келмесе мал соймай, көбіне ақты талғау қылған. Қымыз, шұбат, айран, сүт, қаймақ, құрт, ірімшікті пайдаланған. Оның сыры – ағарғанның бәрі күз бен қыс айларында денеге жиналған шлакты тазалау міндетін атқарады. Қыл аяғы тістің эмалін де қалпына келтіріп, сақтайтын сол сүт өнімдері екен. Бұдан соң қазақтар тамақты, негізінде, жатар орынға ішеді. Ол ұйқы алдында миға белгі беріп, тыныш дамылдауға мүмкіндік жасайды. Кәдімгі қара сорпа болса – таптырмайтын «гемодез».
Қазір бұл үрдісті сақтай бермейміз. Дүкеннен шетелдік жасанды, құнарсыз тағамдарды әкеліп жей саламыз…
Жүз жеті жыл ғұмыр кешкен педагог-ғалым, тарихшы, әдебиетші Омар Қаймолдин:
– Қазақ деген отызыншы жылға дейін ауру-сырқау дегенді түсінбеген ел ғой. Қыста ақ қар, көк мұзға оранып, өз-өзін ширатады. Алты ай жазда гүлге оранады. Қымыз ішеді, қазы-қарта жейді. Денсаулық деген сол емес пе!.. Әне, сондай өмір салтын ұмытпау керек…
© Қ.М.
Суретте: Салахиддин Айтбаевтың қолтумасы «Бақыт»