Қазгеология Қарағанды облысының Таёжное учаскесінде дала жұмыстарын жүргізуде
Елде орын алған коронавирус пандемиясына қарамастан, «Қазгеология» АҚ мемлекеттік тапсырма объектілерінің бірінде – Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 200 км қашықтықта Бұхар Жырау ауданында орналасқан Таёжное учаскесінде дала жұмыстарын табысты бастады.
Геологиялық барлау жұмыстары таяу аймақта (ЗСБ) өрістің пайда болуына озыңқы электромагнитті түсіруді қолдану арқылы мыс-мырыш кенденуін іздеп табу мақсатында жүргізілуде.
Жер бедерінің тегіс емес екені ескеріліп, Таёжное учаскесіндегі геоэлектр кескіні жағдайында кемінде 700 метр тереңдікте дәл деректер алуға мүмкіндік беретін көлемі 250х250м генераторлы қабылдағышы пайдаланылуда.
Геофизикалық жұмыстар орындау үшін қазіргі заманғы «Цикл» сериясындағы R8s электрмен барлау жабдығы қолданылуда. Іс-шаралар шектелгеніне қарамастан, ол сәуірдің басында Ресейден жеткізіліп, дербес зерттелді әрі пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша ЗСБ түсірулерін және одан әрі іздеу геологиялық маршруттарын салудан кейін 500 м дейінгі тереңдікте растаушы іздеу ұңғымаларын салу жоспарлануда.
Сондай-ақ Ақтөбе облысындағы Херсонский және Санасапский сияқты жаңа жобаларда даладағы рекогносцировка жұмыстары басталып, мыс-колчедан генезисі бар кен объектілері табылады деп күтілуде.
Мамыр айында Жамбыл облысындағы Тақыр учаскесінде маршруттар салынып, дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, онда биылғы жылы палеозой іргетасындағы жыныстарды және элементтердің қайталама шашыраңқы шоғырларын зерттеу үшін карталық бұрғылаудың үлкен көлемдегі жұмыстарын жүргізу көзделуде. Тақыр кен өрісінің алтын, полиметалл және қалайы-полиметалл кендерін анықтауға перспективасы бар.
Әрбір жоба бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңі өте маңызды, өйткені одан әрі жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесін анықтайды және зерттелетін алаңдар перспективаларын дұрыс айқындауға негіз қалайды.