ҚАЖ қызметкерлері театрға барды
А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында «Тағдыр тәлкегі» спектакльін тамашалаған ҚАЖ қызметкерлері сүрініп кетіп, бүлінген тағдыр иелерінің сезімдерін бастан кешірді. Дәл осы сәтте: «Өмір біреу, тағдыр түрлі» қағидасы еске түскендей. Жоспарға сай сахналанған қойылымда рухани, адамгершілік және тәрбие жан-жақты көрсетіліп, әсіресе дін саласында сауатты болу мәселесі асқан шеберлікпен жеткізіледі.
Тағылымы мол қойылым соңында ҚАЖ қызметкерлері 1936 жылы 16 наурызда ашылған А.Тоқпанов театрын аралап, ондағы экспонаттарды көріп қайтты.
aqjolgazet.kz