«Қазіргі көп қария бата бере алмайды…»
Қазіргі көп қария бата бере алмайды. Тойға барған сайын бата бере алмайтын қарияларды көп кездестіріп жүрмін. «Ата жастарға Бата беріңіз», «Ата дастарханға бата беріңіз» десе, «Жастар бақытты болсын», «Той құтты болсын» деп тілек айтып кетеді көбісі. Тілек пен батаны қалай шатастыруға болады?! Тілекті орыс та, неміс те, ағылшын да, қысқасы кез келген ұлт айтады. Ал батаны қазақ қана береді. Ұйқаспен, терең мағыналы сөздермен, өлеңдетіп тұрып. Бұл қазақтың ерекшелігі, салты, дәстүрі. Қазақ «батаменен ел көгерер» деп бекер айтпаған. Батаның маңызы өте үлкен. Бос сөз сөйлегенде алдыға жан салмай, бірақ бір бата бере алмасақ несіне қазақпыз. Бәріне топырақ шашқым келмейді, керемет бата беретін аталарымыз да жеткілікті. Бірақ бере алмайтындар одан да көп. Қысқасы қырықтан асқан соң бата жаттау керек.
Асхат Қасенғали,
Фейсбук парақшасынан