«QAZONLINE» ЖОБАСЫ ЖАМБЫЛДЫҚ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде әкімдіктің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтты. Ол қосымшаның қазақ тілін қарапайым деңгейде (А1) үйренудің 16 сабағынан тұратынын да атап өтті, А2, В1, В2 деңгейдегі сабақтары әзірленуде. Қосымшаны кез келген адам Play Market қосымшасы арқылы ұялы телефонына жүктеп алып, пайдалануына алады, қазіргі кезде 3187 адам жүктеген.
©️©️©️
«Сонымен қатар, QazONLINE айдарымен қазақ тілін тез үйренуге бағытталған 70 сабақ әлеуметтік парақшаларда жарияланды. Этнос өкілдеріне тілдік орта қалыптастыру, қазақ тілін сөйлеу арқылы тез меңгеру мақсатында «Ашық аспан астында тіл үйренеміз», SŐILE және RELAX AND LEARN клубтары жобалары іске асырылуда. Жыл басынан 64 отырысы өткізіліп, 845 тіл үйренуші қатысты.Орыс тілді аудиторияға арналған мемлекеттік тілді ең қарапайым тәсіл арқылы үйретуге бағытталған «Қазақша үйренейік!» атты 25 телесабақ жергілікті арнада эфирге шықты», — деді спикер.
✳️Рахия Сейтбекқызының айтуынша, бұдан басқа мемлекеттік тілді қолданудың аясы мен сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік желіде 5 жоба жүзеге асырылуда – Tarazlatyn, «Сауаттылық Time» және «Мен қазақша сөйлеймін», Termindi Bil, Til Bailyq жобасы.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі